Lufthansa компаниясы табыс таба бастады
Немістің ірі тасымалдаушысы – Люфтганза пандемиядан соң былтыр ғана пайда тапқан, деп хабарлайды «Хабар 24».
Коронавирус өршіп, шектеулер енгізілгенде компания тек шығынға жұмыс істеген. Тек 2022 жылы ғана табысқа қол жеткізді. Өйткені былтыр көп елде шектеулер алынды. Сол себепті жолаушылар саны екі есе артып, жалпы саны 100 млн адамға жеткен. Ал компания кірісі 33 млрд еуроға таяды.
Карстен Шпор, Lufthansa компаниясының бас директоры:
- Бұл – компаниямыздың жолаушыларға жоғары сапалы қызмет көрсететіндігінің белгісі. Алдағы жылдары азаматтық авиация саласында сұраныс артады. Сондықтан алға көп мақсат қойып отырмыз. Мәселен, 2030 жылға таман ауаға бөлінетін көмір қышқыл газының мөлшерін екі есе азайтуға ниеттіміз.