Британия Еуроодаққа газ экспортын тоқтатты

Ұлыбритания Еуроодақ елдеріне газ тасымалдауын уақытша тоқтатты.

Бұған жабдықтың істен шығуы себеп. Айта кеткен жөн, Ресейден тасымалданатын шикізат көлемі азайғасын Еуроодаққа көгілдір отын негізінен осы құбыр арқылы жеткізіліп отырған. Қазір Кәрі Құрлық қоймаларындағы газ қоры жеткілікті. Дегенмен Ұлыбританиядан экспорттың уақытша тоқтауы салдарынан өзге мемлекеттер өз қорын шығындауы мүмкін, дейді сарапшылар.