Грекияда апаттан кейін ереуіл басылар емес
Грекияда теміржол апатынан кейін ереуілдер басылар емес.
Наразылық акциясының қатысушылары әділ тергеу жүргізіп, кінәлілерді жауапқа тартуды талап етіп отыр. Оқыс оқиға 1 наурызға қараған түні болған еді. Қарама-қарсы бағытта қозғалып келе жатқан екі пойыз бір рельске түсіп кетіп, артынша соқтығысқан. Салдарынан 60-қа жуық адам қаза тапты. Алдын ала мәлімет бойынша, темір жолдағы жабдықтың тозығы жетіп, жаңасы іске қосылмаған. Бірақ оны жаңартуға қыруар қаржы бөлінген. Осыдан кейін көлік министрі отставкаға кетті. Ал премьер-министр қателік кеткенін мойындады. Апаттан кейін станция басшысы тұтқындалған. Алайда наразы топ жергілікті билік пен темір жол компаниясының өкілдері де қамауға алынсын деп отыр.