Қытайда парламенттің кезекті сессиясы жұмысын бастады
Бейжің қаласында Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының кезекті сессиясы басталды.
Заң шығарушы органның жұмысы екі аптаға жалғасады. Премьер-министр Ли Кэцян биыл елдің экономикалық өсімін 5 процентке жеткізу және 12 миллион жұмыс орнын ашу жоспарда бар екенін айтты. Сондай-ақ үкімет басшысы әскерді күшейтіп, қорғаныс бюджетін 7 процентке өсіретінін мәлімдеді.