Малайзияда су тасқынынан кейін іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр
Малайзияда өткен аптада болған су тасқынынан кейін іздестіру-құтқару жұмыстары әле де жалғасып жатыр.
Табиғат апатынан 40 мыңнан аса адам эвакуацияланған. Билік тасыған су әлі қайтпай жатқанын айтады. Кей жерлерде судың биіктігі үйлердің төбесіне дейін жеткен.
Мұхамед Нурсад, жергілікті тұрғын:
- Бұл аймақта әдетте жаңбыр қараша мен желтоқсанда жауатын. Осы кезде әр үй қайықтарын әзірлеп, апатқа дайын болушы еді. Ал мына су тасқыны күтпеген уақытта болып, қатты жапа шектік.