Ресей тұрғын үйлердегі газға қатысты бақылауды күшейтпек
Ресей үкіметі тұрғын үйлердегі көгілдір газға қатысты бақылауды күшейтпек.
Себебі жыл сайын ірі жарылыстар қайталануда. Бүгінде Ресейдегі тұрғын үй қорының 40 пайызы газдандырылған, сол үйлердің көбінде инфрақұрылым ескірген. Сол себепті құрылыс министрлігі газ қазандықтарын орнатуға тыйым салуды ұсынып отыр. Жауапты ведомства "бұл шара апаттың алдын алудың бірден бір жолы дейді.
Дана Нұржан, тілші:
- Ресейдегі тұрғын үйлердегі әрбір бесінші лифт ескіргендіктен ауыстыруды қажет етеді. Лифтердің істен шығуына байланысты апаттар жиіледі. Соңғы төрт жылда елде лифт апатының салдарынан 56 адам қаза тауып, үш жүзден астамы зардап шекті. Бірақ одан да маңызды қауіп бар. Ол пәтердегі газ құрылғылары. Жыл сайын тұрмыстық газдың ірі жарылыстары қайталанады. Бүгінде Ресейдегі тұрғын үй қорының 40 пайызы газдандырылған, сол үйлердің көбінде газ инфрақұрылымы ескірген.
Ресейде тұрғын үй қорының тозу деңгейін төмендету үшін тоғыз жылдан бері көпқабатты үйлерде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қаржыландырудың негізгі көзі - үй иелерінің өздері төлейтін жарналар. Жөндеуге қажетті қаражатты жинаудың жолын тұрғындардың өздері таңдайды. Олар үйдегі жеке шотқа ақша аударады немесе аймақтық оператордың жалпы шотына қосылу туралы шешім қабылдайды.
Ирина Генцлер, қала экономикасы институтының қала экономикасы департаментінің директоры:
- Егер тұрғындардың арнайы есепшоты болса және лифт ауыстыратын уақыт келсе өтініш беріледі. Ал ақшасы жетпей несие алатын жері болмаса, тұрғындар аймақтық операторға барады. Олар мемлекеттік бағдарлама арқылы көмек көрсетеді. Қазірдің өзінде аймақтық оператор осы үйдің және басқа үйлердің қордағы ақшасын пайдаланып, коммуналдық мәселелерін шешті.
Тағы бір коммуналдық қауіп – ол ескірген газ құрбырлары. Бүгінгі таңда Ресейдегі тұрғын үй қорының шамамен 40% газдандырылған, ал ескі үйлер газ инфрақұрылымын жаңартуды қажет етеді.Қазір үкіметте көгілдір отынды пайдаланушыларға арналған жаңа заң жобасы дайындалуда.
Вера Москвина, Мәскеу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы қоғамдық бақылау қауымдастығының жетекшісі:
- Жарылыстардың себебі пәтер иелерінің немқұрайлығында. Меншік иесі Конституцияға сүйене отырып, учаскелік полиция қызметкеріне дейін өз пәтерінің аумағына ешкімді кіргізбейді. Ал егер тұрғын газ құбырына зақым келтірсе, технология бұзылады. Жаңа заң бойынша енді біз осындай меншік иесін сотқа бере аламыз, сот шешімі бойынша айыппұл сала аламыз.
2022 жылы Ресейде 46 мың көп қабатты үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ал ел бойынша тозығы жеткен тұрғын үйлердің жалпы саны жеті жүз мыңнан асады.
Дана Нұржан, Шахзод Гамиров