Индонезияда лай көшкінінен 11 адам қаза тапты
Индонезияның Натуна округінде толассыз жауыннан кейін лай көшкіні жүріп, 11 адам қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».
Тағы 50-ден аса тұрғын із-түссіз жоғалып кетті. Апат аумағында іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.
Индонезияда жаңбырлы маусым кезінде таулы аудандарда лай көшкіні жиі болып, тұрғындар көп зардап шегеді.