БҰҰ: әйелдер құқығын шектеу адамзатқа қарсы жасалған қылмыспен тең
Ауған әйелдерінің құқығы кезекті рет БҰҰ-да талқыланды. Әйелдер құқығын шектеу адамзатқа қарсы жасалған қылмыспен тең, - деді ұйым өкілдері.
Тәліптер (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) билік басына келгелі әйелдердің бостандығы мен құқықтары күрт шектелді. Нәзік жандылардың мектеп пен университеттерде білім алуына тыйым салынды. Сонымен қатар гуманитарлық ұйымдарда қызмет етуіне шектеу қойылды. Қазір Ауған әйелдерінің мәселесі Женевадағы адам құқықтары жөніндегі Кеңесте қаралып жатыр.