Мексикада трейлер ішінде 103 жасөспірім табылды
Мексиканың Веракрус штатында билік өкілдері трейлерде кәмелетке жетпеген 103 жасөспірімді тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».
Өз бетімен жүрген олардың көбісі Гватемала тұрғындары екен. Одан бөлек далада тұрған осы жүк көлігінде 240 адам болған. Олар – Гватемала, Гондурас, Сальвадор мен Эквадор азаматтары. Жеткіншектерді әлеуметтік қызмет мамандарының қамқорына тапсырды.
Заңсыз миграциямен айналысатын қылмыстық топ әдетте АҚШ-қа келімсектерді Мексика арқылы жеткізіп жүр.