Еурокомиссия қызметкерлерін тексере бастады
«Катаргейт» ісі Еуропалық Одақтың атқарушы билігіне де әсер етуі мүмкін.
Тергеу кезінде Қатар үкіметі еуродепутаттардың кейбіреуіне пара бергені анықталды. Тексеру кезінде Еурокомиссияның Көлік жөніндегі директоратының басшысы Хенрик Холелейдің Қатарға сапарларын, осы елдің үкіметі қаржыландырғаны белгілі болды. Оның саяхаты Одақтың Қатармен әуе байланысы бойынша келісссөздермен тұспа-тұс келген. Енді Еурокомиссия қызметкерлерінің барлық іссапарлары тексерілетін болады.
Дана Спинант, Еурокомиссияның ресми өкілі:
- Қатарға бірнеше рет іс-сапарамен барған Еурокомиссияның жоғарғы шенеунігінің ісі тексерілді. Бірақ оның екіжақты келіссөздерге ықпал етіп, Одақтың мүдделеріне нұқсан келтіргені байқалмады. Қазір басқарушылық принциптерді қатаңдатуды қолға алып жатырмыз. Олар жуық арада қолданысқа енгізіледі.