Кубада ұшақ апатқа ұшырай жаздады

Кубада Флоридаға бет алған жолаушылар ұшағымен оқыс оқиға болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аспанда ұшып бара жатқан әуе кемесі құстармен соғысып, қозғалтқышы өртке оранды. Төтенше жағдайға байланысты ұшақ шұғыл кері бұрылып, әуежайға оралды. Оқиға кезінде ұшақта 147 жолаушы мен 6 экипаж мүшесі болған. Апаттан ешкім зардап шекпеген.