БҰҰ Нью-Йорктегі орталығында қазақстандық авторлардың заманауи көрмесі өтуде
БҰҰ Нью-Йорктегі орталығында қазақстандық авторлардың заманауи көрмесі өтуде.
«Есіктің арғы жағында» деп аталатын арт-жоба тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесін көтереді. Көрмеге келушілер өнер туындыларының жай ғана концепция немесе қиялдан туындаған сурет емес, шынайы өмірде болған оқиғалар негізінде жазылғаны ерекше әсер еткенін айтады. Суретшілердің туындыларын халықаралық сауда платформасы арқылы сатып алуға да болады. Одан түскен қаражат тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмекке бағытталады.
Беттина Хаусманн, көрмені тамашалаушы:
- Бұл шынымен бүкіл әлемге жайылған жағдай. Осының барлығын жақыннан көру шынын айтқанда жүрекке қатты әсер етті. Адамдар оны осындай өнер арқылы жақыннан сезініп, білуі керек. Сонда бұл мәселенің маңыздылығын көбірек түсінеді.
Юсеф Миллер, адам саудасына қарсы мешіттің негізін қалаушы:
-Сан-Диегода зорлық-зомбылыққа қарсы институт бар. Ол жерде біз көптеген осындай жағдайларды қарастырамыз. Бұл мәселе Қазақстан ғана емес, әлемнің барлық елінде бар. Әйелдерге қорлық көрсететін негізінен еркектер екенін біз түсінуіміз қажет. Сондықтан бүкіл еркектер қауымдастығы ретінде үнімізді шығарып, бірле шешім табуға үлес қосуымыз керек. Әйелдердің, қарындастарымыздың құқығын қорғап, тұрмыстық зорлық зомбылықты тоқтатуымыз керек.