Грекияда теміржол апатынан кейін шеру толастамай тұр
Грекия тарихындағы ең үлкен теміржол апатынан кейін ел астанасында 40 мыңнан астам адам бас көтеріп, көшеге шықты.
Көлік саласында қызмет ететін ондаған мың маман шойын жолдардың жағдайына қатысты наразылық білдірді. Жұмысшылар апатқа дейін темір жолдағы олқылықтарды айтқан. Алайда ешкім бұған мән бермеген. Шерушілердің сөзінше, бұл қайғылы оқиғаға бірінші кезекте жылдар бойы жалғасып келген немқұрайлылық, инвестицияның болмауы мен кадр тапшылығы себеп. Айта кетейін, ақпанның 28-і күні Грекияда екі пойыз соқтығысып, 57 адам көз жұмды.