Мексика Гватемалаға 100-ден аса босқын баланы қайтарды
Мексика билігі Гватемалаға 100-ден аса босқын баланы кері қайтарды.
Олар көрші елге ересектерсіз жалғыз барған. Көбі қауіпті сапарға АҚШ-тағы туыстарына қосылу үшін шыққан. Енді отанына оралған жеткіншектер тексерістен кейін туған-туыстарына жеткізілмек. Жергілікті билік соңғы жылдары ересек балалардың Америкаға бару талпынысы артқанын айтады. Оған елдегі әлеуметтік-экономикалық ахуал ықпал еткен.
Рони Сакил, жергілікті тұрғын:
- Біздің елде балалардың жағдайы жасалмаған. Мысалы оқуды алайық. Мен баратын мектеп үйімнен 3 сағаттық жерде орналасқан. Бауырым осы себепті АҚШ-қа баруды шешкен еді. Өйткені ол жақта біздің әкеміз тұрады.