Фукусима апатына 12 жыл болды

 

Осыдан 12 жыл бұрын Фукусимада алапат апат болған еді.

Ол кезде жойқын зілзалның салдарынан цунами соғып, Фукусима-1 атом электр станциясында газ құйылған резервуар жарылды. Өкініштісі, 20 мыңнан аса адам қаза тапты. Радиацияның кесірінен жарты миллион тұрғын қауіпті аймақтан көшіріліп, мыңдаған үй тұруға жарамсыз болып қалды.

Жапония премьер-министрі Фукусимада өткен аза тұту рәсіміне қатысты. Ал әр жұма сайын белсенділер тобы наразылық шеруді өткізіп келеді. Олар Фукусима-1 атом электр станциясынан радиоактивты суды мұхитқа төгуге қарсы. Биліктің бұл шешімі экологиялық апатқа әкеледі деп алаңдайды. Бірақ ел үкіметі су мұхитқа төгілер алдында сүзіліп, радиоактивті элементтерден тазартылады деген уәж айтуда. 

Қазір станция қоймасындағы су мөлшері 1,3 млн тоннаға жетіп, лық толған. Бұл су реакторларды салқындату үшін қолданылады.

- Үкімет шешімін өзгертпесе, апта сайын наразылық шарасын өткіземіз, сөйтіп, ахуал одан әрі ушыға түседі.

- Радиоактивты суды мұхитқа төгуге қарсымыз. Бұл тек Жапонияға емес, көршілес Қытай мен Кореяға, тіпті бүкіл әлемге әсерін тигізеді.