«Фредди» ең ұзақ соққан дауыл ретінде рекорд орнатты
2 аптадан кейін «Фредди» деп аталған тропикалық дауыл қайта Оңтүстік Африка жағалауына соқты, деп хабарлайды «Хабар 24».
Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның мәліметінше ол ең ұзаққа жалғасқан дауыл болды.
Осыған дейінгі рекордты 1994 жылы 31 тәулік бойы тынбаған «Джони» атты тайфун орнатқан болатын. Ал Фредди циклоны осыдан 33 күн бұрын қалыптасқан болатын. 21 ақпанда ол Мадагаскар аралына жетіп, 24 ақпанда Мозамбикке соққан болатын. Алапат дауылдан сол кезде бұл екі елде 27 адам қаза тауып, 171 мың адам зардап шекті. Бірнеше күннен кейін кері қайтқан Фредди суы жылы мұхитта күш жинап, қайта Мозамбик жағалауына оралды. Бұл елдің табиғи апаттармен күрес агенттігінің мәліметінше, бұл жолы жарты миллионнан аса адамға қауіп төніп тұр.