Бразилияда мектеп автобусы пойызбен соқтығысты

2 қыз қаза тауып, 4 оқушы ауыр халде ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Апат елдің оңтүстігіндегі Парана штатында болған. Автобус жүргізушісі пойызды байқамай, теміржол өткеліне шығып кеткен көрінеді. Автобус ішінде 25 оқушы мен 3 мұғалім болған. Жүргізушіге қарсы қылмыстық іс-қозғалды.