Мексикада жүздеген мигрант АҚШ-қа қарай заңсыз өтпек болды
Шекараны кесушілердің күрт көбеюіне босқын мәртебесін алудың қиындауы себеп, деп хабарлайды «Хабар 24».
Мәселе, АҚШ тарапының оны рәсімдеуге арналған мобильді қосымшасында болып тұр. Соңғы уақытта ол дұрыс жұмыс істемей, мигранттардың өтініш беру мүмкіндігі азайған. Түйткілдің дер кезінде шешілмегеніне наразы жұрт қос елдің шекарасын заңсыз кесуді жиілеткен.
Роналд Антонио, венесуэлалық мигрант:
- Билік мәселені тез арада шешсе дейміз. Өйткені босқын мәртебесіне өтініш беретін мобильді қосымшаның дұрыс жұмыс істемеуінен далада күнелтуге мәжбүрміз. Мысалы менің өзім 2 айдан бері әлі рұқсат ала алмай отырмын.