Жапонияда бетперде тағу тәртібі алынып тасталды
Жапония пандемия басталғалы бетперде тағу тәртібін алғаш рет жеңілдетті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Тұрғындардың бүгіннен бастап оны қоғамдық орындарда кимеуіне болады. Оны әр адам өзі шешеді. Бірақ пойыздар мен автобустарда қарбалас уақыттарда бетперде кию міндетті. Ал сауалнамаға қарағанда әрбір төртінші азамат шектеулердің алынғанына қарамастан бетперде тағуды жалғастыра беретінін айтқан.
Ақпан айында күншығыс елінің билігі коронавирусты маусымдық ауру қатарына жатқызған болатын.