Қытай Тайваньға қатысты мақсатынан таймайды

Қытайда жаңа Үкіметтің алғашқы отырысы өтті.

Мемлекеттік кеңес Премьер-Министрі Ли Цян жиында ел назарындағы өзекті мәселелерге басымдық берді. Атап айтқанда, Тайваньмен қайта қосылу процесі күн тәртібінен түспейді. Елдің Жалпы ішкі өнімін былтырғы 5 пайыздық көрсеткіштен төмендетпей, одан әрі өсіру міндет. Осы жиында жаңа Премьер-Министрдің төрт орынбасары, Мемлекеттік кеңес мүшелері, сондай-ақ министрліктер мен ведомстволардың басшылары тағайындалды. 

Си Цзиньпин, ҚХР Төрағасы:

- Халықтың сенімі мен үшін ең үлкен қозғаушы күш, сонымен қатар үлкен жауапкершілікті жүктейді. Мен Конституцияда көзделген міндеттерді адал орындап, халықтың мүддесінен шығуды мұрат етемін.

Ли Цян, ҚХР Мемлекеттік кеңес премьер-министрі:

- Әлемдегі экономикалық ахуал көңіл көншітпейді. Көптеген тұрақсыз факторлар бар. ЖІӨ өсіміне қол жеткізу оңай емес, екі есе көп күш жұмсау қажет. Өткен 2 айдағы мәліметтерге сүйенсек, Қытайдың экономикалық жағдайы қалпына келе бастады.