Париж қазақтың ұлттық киімдерін тамашалады
Дизайнер Малика Дүйсенбаеваның коллекциясы Қазақстан ешілігінде көрсетілген.
Кешке қазақ диаспорасының өкілдері, сән әлемінің кәсіби шеберлері мен өзге де жұрт келген. Малика Ақтөбенің тумасы болғандықтан туындыларында Батыс Қазақстандық ұлттық киімдер тарихы насихатталды. Оның коллекциясында қазіргі заманғы нақыштар да жетерлік
Малика Дүйсенбаева, дизайнер:
- Мен үшін бұл елеулі іс-шара. Себебі сән астанасы саналатын Парижде туындыларыңды көрсету үлкен жауапкершікті талап етеді. Сондықтан оларды жұрт қалай қабылдайды деп қатты уайымдадым. Бірақ көрсетілімнен кейін шеберлердің жақсы лебіздерін естіп, көңілім көтеріліп қалды.
Рената Бонарди, шараға қатысушы:
- Маған ұлттық нақыштағы әшекейлер қатты ұнады. Бұған дейін білмей келген ерекшеліктерді аштым. Қазақтың ұлттық киімдерін жақын көріп танығаныма қуаныштымын.
Француа Байе, шараны ұйымдастырушы:
- Мені көйлектегі кестелер мен гүлдер баурап алды. Өте әдемі көрінеді. Бүгінгі сән көрстілімінен көп нәрсе үйрендім.