Киевте кейінгі уақытта жарық сөнбейтін болған
Киевте кейінгі уақытта жарық сөнбейді.
Тоқ уақтылы беріліп тұр. Өйткені Украина Молдова мен Словакиядан энергия тасымалын арттырған. Соның арқасында электр дағдарысы біртіндеп еңсеріліп келеді.
Украина Словакиядан электр қуатының импортын қаңтарда рекордтық деңгейге дейін арттырды. Тасымалданатын қуат тәулігіне 10-11 мың МВт-қа дейін жетті. Сондай-ақ қажетті электрэнергияны Украина үкіметі Молдовадан да сатып алады. Бұл туралы украиндық “Экспро” сараптамалық компаниясының маманы Дарья Орлова мәлімдеді. Осылайша, бір жылға жуық қуаттан қатты тарыққан Украина дағдарысты еңсере бастағандай.
Дарья Орлова, Украина қуат нарығының сарапшысы:
- Біздің есебіміз бойынша қаңтар айында Украина Словакиядан шамамен сағытына алпыс мың мегаватт қуатты импорттады. Ал ақпан айында импорт көлемі 2 есе өсті. Сондай-ақ ақпанда Молдовадан да электр қуатын импорттай бастадық. Молдовадан көбіне жасыл энергия жеткізілді. Қазір Украинаның энергетикалық жүйесі дағдарысты еңсере бастады, сәйкесінше электр энергиясының импортын бәсеңдету көзделеді.
Дей тұрғанмен елдің кейбір аймақтарына қуат беру әлі қиындық туғызуда. Қыс бойы қуаттан тарыққан ел астанасы Киевте соңғы үш апта авариялық жарық өшіру тоқтатылды. Ірі сауда орындарынан бастап көше жарығы қайтадан қалпқа келе бастады.
Дмитрий Сидоров, Украина қуат нарығының сарапшысы:
- Міне бір ай бойы Киевтегі жарық беру тұрақталды. Қуатпен жүретін көлік түрлері де қалыпты жұмысына орала бастады.
Украина үкіметі биыл кәсіпорындарға арналған қуат құны кезең-кезеңмен үш рет көтерілетінін ескертті. 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап тариф он процентке артқан еді. Бірінші сәуірде де қуат құны 13 процентке өспек. Одан кейін бірінші шілдеде электр бағасы тағы да 13 процентке дейін артып, бір мВт сағатына 485 грн, яғни біздің ақшамен есептесек 5 941 теңгені құрамақ.
Аида Қыдырбай