Түркиядағы жойқын зілзаладан 6600-ден аса шетел азаматы қаза тапқан
Түркиядағы жер сілкіністерінен қаза тапқан 48 мыңнан аса адамның 6600-ден астамы – шетел азаматтары. Бұл туралы елдің ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу мәлімдеді. Олардың көбі – сириялық босқындар.
Табиғи апттан кейін қазіргі кезде 85 мыңға жуық адам уақытша баспаналарға орналастырылған. Билік үйінділерді аршу жұмыстарын жалғастырып жатыр. Қазір қирандылардың 20%-і тазартылды.
Естеріңізде болса, 6 ақпанға қараған түні магнитудасы 7,7 балдық жойқын зілзала болған еді. Кейін бірнеше сағат өтісімен жер қайта сілкініп, магнитудасы 7,6 балл болған.
БҰҰ-ының есебінше, табиғи апаттан келген шығын 100 миллиард доллардан асып кетуі мүмкін.