Астық келісімі жөнінде келіссөздер жалғасып жатыр

Түркия қорғаныс министрлігі астық келісімінің мерзімін ұзарту туралы келіссөз жалғасып жатқанын хабарлады.

Ресей тарапы 60 күнге созуға келіскен. Алайда Украина шарт бойынша оны 120 күнге ұзартуға тиіс дейді.

Естеріңізде болса, былтыр 22 шілдеде Ыстамбұлда Киев пен Мәскеу БҰҰ және Түркияның арағайындығымен астық келісімін жасаған. Ол бойынша Украинаның Черноморск, Одесса және Оңтүстік порттарынан бидай экспортына жол ашылды. Қарашаның соңында мерзімі аяқталған құжат 4 айға ұзартылған болатын.