Meta компаниясы тағы 10 мың қызметкерін қысқартады
Facebook, Instagram әлеуметтік желілері мен Whatsapp мессенджеріне иелік ететін Meta корпорациясы үлкен оңтайландыруға дайындалып жатқанын хабарлады.
Бұл соңғы алты айдағы ауқымды қысқартудың екінші кезеңі. Былтыр қараша айында Facebook 11 мың адамды жұмыстан шығарды. Марк Цукерберг қызметкерлеріне жолдаған мәлімдемесінде,. қысқарту жүргізу оңайға соқпағанын айтып қынжылды. Басшылық бұл қиындықтарды несие бойынша пайыздық мөлшерлемелердің өсуі, әлемдегі геосаяси тұрақсыздық және нарықты қатаң реттеумен байланыстырады. Жалпы жоғары технология саласында жұмысшылар санын азайтып жатқан тек Мета емес, бұған дейін Google 12 мың, Amazon 18 мың адамды жұмыстан қысқартатынын мәлімдеді.