Батыс Африканың Габон елінде кеме апатқа ұшырап, 21 адам ажал құшты.
Бұл туралы құтқару операциясының үйлестірушісі мәлімдеді. Жалпы су көлігінде 161 жолаушы болған. Билік әзірге 6 құрбанның жеке басын анықтады. Осы сәтке дейін 124 кісі құтқарылды, тағы 31 адам ұшты-күйлі жоғалып кеткен. Іздеу жұмысына ұшақтар мен сүңгуір топтар тартылды.
Андре Ропонат, прокурор:
- Соңғы мәлімет бойынша 15 адамның мәйіті табылды. Оған дейін 6 құрбан анықталған болатын. Оларды судың түбінен сүңгуірлер алып шықты. Барлығы құтқару күртешесін киген. Бірақ суға батқан кемеге бастырылып қалған.
