Аргентинада жылдық инфляция 100% асты
Аргентинада жылдық инфляция 100 пайыздан асып, ең төменгі деңгейге түскен.
Баға ай сайын 6,6 процентке өсіп отырған. Осының салдарынан песо құнсызданып, халықтың өмір сүру деңгейі төмендеп барады. Тұрғындар азық-түлік пен тұрмысқа қажетті заттар апта сайын өзгеріп жатқанын айтып шағымдануда.
- Адамдарда тамақ сатып алатын ақшасы жоқ. Мен жақында базарға барып 2-3 мандарин мен апельсин және жарты келі қызанақ сатып алмақ болып едім. Ақшам жетпей тек қызынақ алдым.