АҚШ-та қарлы боран соқты

АҚШ-та қарлы боран соқты

АҚШ-тың солтүстік-шығысындағы бірнеше штатта қар жауып, боран соғып, 400-ден аса әуе рейсі кейінге шегерілді.

Әсіресе Бостон мен Нью-Йорк штаты әуежайларының жұмысы қиындаған. Сиракузада бір жолаушылар ұшағы көкке көтерілмек болып ұшу алаңынан шығып кетті. Адамдар жапа шекпеген. Толассыз жауған қардан кей мекендерде электр желісі істен шығып, ондаған мың адам жарықсыз қалған. Ауа райының күрт өзгеруінен мектептерде сабақ тоқтатылды. 

Жан Геррер, такси жүргізушісі:

- Ауа райына байланысты бүгін жұмысқа шыға алмадым. Толассыз жауған қардан көп жолдар жабық. Оның үстіне мұндай күнде жүру де қауіпті.