Түркияның Шанлыурфа қаласын су басты
Кеше ғана зілзала ойсыратып кеткен Түркияның оңтүстік-шығысында тасқын жүріп, 5 адам опат болды.
Тағы бірнешеуі ұшты-күйлі жоғалған. Бірақ олардың нақты саны белгісіз. Шанлыурфа шаһарында аурухананы су басып, жансақтау бөліміндегі науқастар өзге емханаға жеткізілді. Мектептер жабық, сабақ тоқтаған. Мамандар жаңбыр әлі де жауа береді деп отыр. Осыған байланысты елдің оңтүстік-шығыс бөлігінде қауіптіліктің жоғары деңгейі жарияланды.