Украинаның ауылшаруашылық саласы мемлекеттің көмегіне мұқтаж
Украинаның ауылшаруашылық саласы мемлекеттің көмегіне мұқтаж. Осылай-деген кәсіпкерлер Киевте арнайы баспасөз мәслихатын ұйымдастырды.
Шаруалардың айтуынша, қазіргі елдегі жағдай салаға қосымша көмекті талап етеді. Бұған дейін жұмыс істеген тиімді бағдарлама жалғасуы тиіс. Өйтпеген жағдайда жаһандық азық- түлік нарығы тығырыққа тіреледі.
Украинада шаруалар үшін «5-7-9» бағдарламасы 2020 - жылдан бері жұмыс істеді. Әрине мұндай мүмкіндікті пайдаланып, заманауи және инновациялық техникаларды сатып алуға асыққандар көп болды. Ел бойынша 44 мыңнан астам шаруа нисие рәсімдеген. Ал биылдан бастап қолжетімді бағдарлама тоқтатылды. Бұл өз кезегінде шаруалар үшін соққы болғалы тұр.
Мария Дидух, Украинаның жалпыұлттық аграрлық форум директоры:
- Басында несиесі бар шаруа үшін биыл ең үлкен екі проблема бар. Біріншісі, егін науқаны басталды, ал бізде қаржы жоқ. Бағдарлама ұзартылмаса - мемлекетке қарызды қалай қайтарамыз? Несие арқылы ғана қарыздың бір бөлігін қайтарып, бір бөлігіне егін егуді бастауымыз қажет емес пе?
Қаржылық қиындықтар диқандарды ғана емес, Украинаның несие беруші банктерін де айналып өтпеді. Бір жыл бойы алуан түрлі кедергілерге ұшыраған ауыл шаруашылығының мол бөлігі банктерге несиені қайтара алмай отыр. Сондықтан оннан астам қаржылық ұйымы Ұлттық банк пен Үкіметтен дәл осы 5-7-9 бағдарламаны тоқтатуды сұраған.
Мария Дидух, Украинаның жалпыұлттық аграрлық форум директоры:
- Мемлекет пен қаржы ұйымдарында басы артық ақша жоқ екенін білеміз. Мол қаражат қорғанысқа құйылып жатқаны белгілі. Алайда билік бізді де түсінуге тырысса екен. Диқандарға көмек көрсетпесек, азық-түлік қауіпсіздігін кім қамтамасыз етеді?
Көмек сұраған шаруалар егер мемлекеттен қолдау болмаса, 5 миллион гектар игерілмей бос қалады деп отыр. Егер болжам шындыққа айналса, Украина өнімдері әлемдік экспортқа шықпайды. Бұл өз кезегінде жаһандық азық-түлік нарығына кері әсер етуі бек мүмкін.