Малавиде дауылдан қаза тапқандардың саны артты
Малавидің оңтүстігінде 1 айдың ішінде 2 рет ойран салған «Фредди» дауылынан көз жұмғандар қатары 225 адамға жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».
700-ден астам тұрғын жарақат алған. Ұшты-күйлі жоғалғандар тізімінде 41 кісі бар. 88 мың адам баспанасыз қалды. Президент Лазарус Чаквера табиғи апатқа байланысты елде алдағы 14 күнді қаралы деп жариялады. Оның алғашқы аптасында тулар төмен түсіріледі. Көп жерде толассыз жауған нөсер соңы лай көшкініне ұласқан.
Клементе Джобани Дамбе, зардап шегуші:
- Аға-жеңгемінен айырылдым. 5 бірдей ұлы да құрбан болды. Тағы бір ағамыз көз жұмды. Осы дауылдың кесірінен 14 туысымды жоғалттым.
Лазарус Чакуера, Малави президенті:
- Малави ауыр жағдайға тап болды. «Фредди» дауылы көп қайғы-қасірет әкелді. Халықаралық қауымдастықтан көмек сұраймын. Бізге көп нәрсені қалыпқа келтіру керек.
Көршілес Мозамбикте осы «Фредди» дауылынан опат болғандар саны 21 адамнан асты. 1,5 мыңдай шаршы шақырым аумақты су шайып кеткен. Үйі мен дүние-мүлкінен айырылған 45 мыңнан астам тұрғын уақытша шатырларда тұруға мәжбүр.