Чилиде құс тұмауынан 40 мың тауық жойылды
Чилидің орталығында құс тұмауы өршіп, 40 мың тауықтың көзі жойылды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Дерт Ранкагуа қаласындағы ет өнімдерін дайындайтын компанияның фермасында тіркелген. Осыған байланысты елден тауық етін экспорттауға 28 күндік тыйым салынды. Жергілікті билік кеселдің адамнан адамға жұғуы тіркелмегенін айтады.
Карлос Орельяна, Чилидің мал шаруашылығын қорғау жөніндегі агенттігінің басшысы:
- Індет 1 ауданда ғана тіркеліп отыр. Сондықтан елдегі бүкіл құс шаруашылығына қауіп төндіріп тұрған жоқ. Кеселдің таралуын болдырмас үшін тиісті шаралар қабылданып, жағдай мұқият бақыланыап отыр.