Калифорнияны жиі су басатын болып жүр
Соңғы жиырма жыл бойы қуаңышылықтан зардап шеккен Калифорнияда биыл жаңбыр көп жауып, жиі су таситын болды.
Сан-Клементе елді мекенінде лай көшкіні жүріп, жергілікті тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді. Штат губернаторы табиғи апатқа байланысты аумақтағы 58 ауданның қырық үшінде төтенше жағдай жариялады. Су тасқынының кесірінен 130 мыңнан аса үй жарықсыз қалды. Калифорния штатында биыл ақ ұлпа көп түскен. Енді тау бөктеріндегі қар еріп, онсыз да мәз емес ахуалды одан әрі ушықтырады деген қауіп бар.