Әлемдегі ең үлкен вертикальді ферма өндірісі кеңейтіледі
Әлемдегі ең үлкен вертикальді ферма өндірісін кеңейтіп, Германия, Швеция және Норвегияда жаңа кәсіпорындар ашатын болды.
Қырыққабат, салат, жебіршөп пен көкөністің бірнеше түрін өсіретін бұл шаруашылық осыдан 3 жыл бұрын Копенгагенде салынған болатын. 14 қабатты ферманың иесі кезінде бизнес-сарапшы болып жұмыс істеген. Шаруашылықтағы 20 мың диод шамды қуаттандыру үшін жел энергиясы пайдаланылады. Ал өсімдіктердің тамырлары қайта өңделіп, одан тыңайтқыш дайындалады.