Үндістанда қойма шатырының құлауынан 8 адам қаза тапты

Үндістанның солтүстігіндегі Уттар-Прадеш штатында картоп сақталған қойманың шатыры құлап, 8 адам опат болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиға орнында құтқарушылар үйінділерді аршып жатыр. Апатқа не себеп болғаны әзірге белгісіз. Үндістанда ғимараттар жиі опырылып құлайды. Әсіресе айлап жауатын муссон маусымында. Бұған елде құрылыс  қауіпсіздігі ережелерге немқұрайлы қарауы себеп.