Индонезия Рамазан айына дайындалып жатыр
Индонезия халқы Рамазан айына қызу дайындалып жатыр.
Бірақ жергілікті жұрт биыл азық-түлік бағасының шарықтап кеткенін айтады. Оған инфляцияның өсуі себеп болып тұр. Орталық банк мәліметі бойынша Индонезияда, тұтынушы баға индексі ақпан айында 5 жарым пайызға дейін өскен. Былтырғы Рамазан айында бұл көрсеткіш 2,6 пайыз шамасында болған. Қазір үкімет қасиетті мереке кезіндегі қымбатшылықпен күрес ретінде халыққа әлеуметтік көмек көрсетпек. Яғни тұрғындарға бір айы бойы күріш, жұмыртқа мен тауық еті үлестіріліп отырады.