Польшадағы дауыс берушілер ұлттық кіим киіп барды

Әлемнің кейбір елдерінде сайлау науқаны әлі де қызып жатыр.

Сондай мемлекеттің бірі Польша. Варшавада ашылған номері 271 сайлау учаскесіне келіп дауыс берген отандастарымыз аз емес.

Аида Қыдырбай, тілші:

- Бүгінгі сайлаудың сәні ұлттық киім деп айтсам болады. Польша астанасы Варшава қаласында ашылған номері 271 сайлау учаскесінде қазір түс ауған шақ. Екі елдің уақыт айырмашылығы - бес сағат. Бала-шағасымен келіп жатқан жанұялар қатары көп. Польшада мыңға жуық қазақстандық студенттеріміз білімін жетілдіріп жүр, бүгін әсіресе жастар жағы белсенді. Әскери қарым-қатынас саласында оқып жүрген Талғат Сейтқожин бүгінгі сайлауға ұлттық киіммен келуді жөн көріпті, жауабын бірге тыңдап көрейік. 

Талғат Сейтқожин, студент:

- Мен осы Польша мемлекетіне, Варшава қаласына білім алуға келдім. Қазіргі сайлау учаскесіне дауыс беруге келдік Қазақстан азаматының борышын өтеуге және сайдау учаскесіне өзіміздің қазақтың ұлттық киімімен келеміз деп шештік. Қазақтың ұлттық киімімен, ұлттық нышанымен және осы Польша мемлекетіне өзіміздің ұлттық дәстүрімізді, ұлттық киімімізді көрсетеміз деп шештік. 

Дархан Кәлетаев, Қазақстанның Украинадағы Төтенше және өкілетті елшісі:

- Біз арнайы мына Варшава қаласына Киевтен бүкіл елшілік құрамымен келіп, Украинада тұратын қазақ азаматтары келіп, дауыс беріп жатыр. Менің ойымша еліміз үлкен бір жаңа өзгерістің алдында тұр. Соған бәріміз ат салысып жұмыс істеуге әрқашан дайынбыз, сондықтан жаңадан сайланған парламент те ат салысып жұмыс істейді деген толық сенімдемін

Варшава қаласындағы номері 271 сайлау учаскесінің төрағасы Данияр Сейдәлиевтің ақпараты бойынша алдын ала тіркелген азаматтардың отыз проценттен астамы дауыс беріп үлгірген. Екі елдің уақыт айырмашылығы үлкен, сондықтан әлі де дауыс берушілерді күтеміз.