Парижді қоқыс басты
Парижде қоқыс көбейді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Себебі шаһарда коммуналдық қызмет өкілдері зейнеткерлік реформаға қарсы ереуілге қосылған. Салдарынан қала көшелері жиналмай, қоқыс үйіліп қалған. Полиция болса, қызметкерлерді күштеп жұмыс істетуге талпынған. Бірақ ереуілшілер наразылықты жалғастырып жатыр. Парижде күн сайын 1 мың тонна қоқыс жиналады, - дейді мамандар.