Грузиядағы сайлау учаскесі жұмысын жалғастырды
Грузиядағы жалғыз сайлау учаскесі жұмысын жалғастыруда.
Номері 277-учаске Қазақстанның елшілігінде орналасқан. Жалпы Грузияда жүзден астам отандасымыз консулдық есепте тұр. Аталған сайлау бөлімшесіге Кутаиси, Батуми және Боржомиден де қазақстандықтар келіп жатыр.
Мырзабек Әуезханов, Қазақстан азаматы:
- Азаматтық парызымызды орындайық деп Тбилисиге Батумиден келдік. Еліміздің дамуы және болашағы үшін дауыс бердік. Осы қадамымыз арқылы келешегіміздің жарқын болуына үлес қосамыз деп ойлаймын.
Динара Галиева, Қазақстан азаматы:
- 7 жылдан бері Грузияда тұрамыз. Осында үшінші баламыз туды. Қазір төртіншісін күтіп жүрміз. Қазақстанымыздың болашағы үшін дауыс беруге келдік.