Сауд Арабиясында ірі түйе жарысы өтіп жатыр

Сайысқа 40 бура қатыстып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шара 4 күнге жалғасады. Бас бәйге – 7,5 миллион доллар. Сайыстың жалпы сыйлық қоры – 21 миллион доллар. Шара Медина провинциясындағы Әл-Ула алқабында ұйымдастырылып отыр. Жергілікті билік аймаққа осылайша туристерді тартпақ ниетте.

- Бұл – елеулі оқиға. Бұған дейін біздің өңірде мұндай жарыс ұйымдастырылмаған. Өте қуаныштымыз. Жүлдеге керемет сыйлықтар қойылған. Кеудемізді мақтаныш сезімі кернейді.