Францияда үкіметке қарсы сын көбейді
Парламенттің төменгі палатасында Үкіметке сенімсіздік білдіруге қатысты депутаттар арасында дауыс беру өткізіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бұл оппозициялық партиялар және тәуелсіз депутаттар тобының бастамасымен ұйымдастырлыған. Бұған зейнетақы реформасы туралы заңның қабылдануы түрткі болды. Мұндай өзгерістер елде дүрбелең туғызды. Бірнеше апта бойы халық наразылығы өтіп жатыр. Кәсіподақтар осы бейсенбіде тағы ауқымды акция ұйымдастыруды жоспарлап отыр.