Солтүстік Корея ядролық шабуылға қарсы әскери оқу-жаттығу өткізді

2 күнге созылған шара барысында Пхеньян жойқын қаруды қолдану әрекеттерін пысықтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқу-жаттығуды осы елдің басшысы Ким Чен Ынның өзі бақылады. Оның пікірінше, елге ядролық қауіп төніп тұр. Сондықтан халықты оған дайын болуға шақырды.