UBS Credit Suisse банкін сатып алады

АҚШ-тағы «Silicon Valley» банкі банкротқа ұшыраған соң, Швейцариядағы «Credit Suisse» банкі қаржылық қиындыққа тап болған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді бұл банкті өзге қаржы ұйымы сатып алады. Тараптар 2 күнге созылған келіссөзден кейін осындай шешімге келді. Ел билігі осылайша қаржылық дағдарыстың алдын алуды жоспарлап отыр.

Кристин Лагард, Еуропалық орталық банктің басшысы:

- Біз Швейцария үкіметінің әрекетін қолдаймыз. Қабылданған шешім банк саласындағы қаржы тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған. Қандай жағдай болмасын, біз Еуроодақтағы қаржы жүйесінің тұрақтылығын сақтап қалуға дайынбыз.