Арктиканың мұздықтары ғалымдарды алаңдатты
Арктикадағы мұздықтар норвегиялық ғалымдарды алаңдатып отыр.
2007 жылы олардың 20 процентінің қалыңдығы кемі 4 метр болатын. Қазір көрсеткіш екі есе азайған. Ғалымдар мұздықтардың жылдам еріп жатқанын да айтады. Соның салдарынан теңіз деңгейі күрт көтерілуі мүмкін екенін ескертеді. Мамандардың сөзінше, мұның бәріне жаһандық жылыну себеп.