Ташкентте жер сілкінді
Ташкентте түнде болған 5 балдық жер сілкінісінен зардап шеккендер жоқ.
Бұл жайында Өзбекстанның Төтенше жағдайлар қызметі хабарлады. Үйлер мен ғимараттарға зақым келмеген. Жерасты дүмпуі көрші елдің басқа да өңірлерінде байқалды. «Әсіресе Ауғанстанмен шекаралас Сұрхандария облысында 6 балға дейін жеткен», - дейді мамандар. Жердің қайта сілкінуі де мүмкін екендігі айтылды. Қала тұрғындарының көбі түнімен далада жүрген немесе көліктте түнеген.