Мәскеуде Наурыз мерекесін атап өтетіндер қатары көбейіп келеді
Ресей астанасында Наурыз мейрамын атап өтушілер жыл сайын артып келеді.
2006 жылдан бері олардың қарасы 10 есе өскен. 17 жыл бұрын Мәскеуде күн мен түннің теңеліп жер бетінің жаңаруын 5 мың адам тойлатқан болса қазір 50 мыңнан асады. Елеулі мерекені Ресейдің барлық аймағында аталып өттеін болған. Осыған байланысты әлеуметтанушылар Наурыз мейрамының аясында оны тойлайтын барлық ұлттардың диалог алаңын құруды ұсынып отыр.
Назиржон Абдуганиев, Ресей халықтары ассамблеясы атқарушы комитетінің төрағасы:
-Наурыз мейрамын Ресейдің әр аймағы әртүрлі тойлайды. Мысалы, Башқұртстан мен Татарстанда Якутияға қарағанда өзгешеліктер көп. Қалай дегенмен де бұл біздің бәрімізді біріктіретін, бір дастархан басына жинайтын мереке.