БҰҰ Бас хатшысы барша мұсылманды қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады

БҰҰ-ның Бас хатшысы барша мұсылманды қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтап, әлем елдерін бірлікке үндеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Антониу Гутерриш, БҰҰ Бас хатшысы:

- Бұл кезең көп ойлануға, біліп-тануға мүмкіндік береді. Әлем елдері тізе қосып, бір-біріне түсіністік пен жанашырлық танытатын уақыт. Адамдар арасындағы диалогты бекемдеу, бірлік пен бейбітшілікке үндеу – Біріккен Ұлттар Ұйымының миссиясы. Менің сөзім қиын-қыстау кезеңде қақтығыстардан көз ашпай келе жатқан елдерге, үйлерін тастап басқа жаққа кетуге мәжбүр болған қалың жұртқа арналады. Мұсылмандардың мерекесі Рамазан айы баршаға береке әкелсін, әлем елдерін бейбітшілікке, өзара құрмет пен ынтымаққа шақырамын.

 

 

Сондай-ақ...