Құддыс халқы Рамазан айын ерекше қарсы алды
Жергілікті тұрғындар Иерусалим көшелерін тазалап, түрлі шам іліп, безендірді. Жан-жақтан ағылған жұртшылық әл-Ақса мешітіне жиналып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».
Ханан Халайла, жергілікті тұрғын:
- Рамазан айында Әл-Ақса мешітін тазалау үшін арнайы келдім. Көптен күткен қасиетті ай барша жұртқа денсаулық, бақ-береке мен жан тыныштығын әкелсін деп дұға етемін.
Ал Палестинаның Рамалла қаласының орталығында алып шам жағылды. Бұдан бөлек, әуе шарлары ұшырылды. Тұрғындар дастарқан қамына кіріскен. Кейбір сауда орындарында аспаздар халыққа дәм таратып, жұрттың алғысына бөленіп жүр.