Боливияда мұғалімдер бас көтерді
Боливия астанасы Ла-Паста мұғалімдер бас көтерді. Полиция оларға көзден жас ағызатын газ шашып, арты қақтығысқа ұласты, деп хабарлайды «Хабар 24».
Ереуілшілер тәртіп сақшыларына жарылғыш және басқа заттар лақтырып, қарсы шабуылдаған. Ұстаздар қауымы білім беру саласына бөлінетін бюджет қаржысын көбейтуді және жаңа оқу бағдарламасынан бас тартуды талап етті. Наразы топ ертең бұдан да ауқымды шеру ұйымдастырамыз деп отыр.