Ұлыбританияның экс-премьері Борис Джонсонды айыптаушылар көбейді
Локдаун кезінде Дауниң-стритте сауық кешін ұйымдастырды деп басы дауға қалған Борис Джонсоннан бәле арылмады.
Ол Өкілдер палатасының алдында жауап берді. Онда депутаттар экс-премьердің сауық кешке қатысқан жоқпын деген сөзінің шын-өтірігін тексерді. Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі бұл жолы «Пандемия кезінде сауық кешін өткізу қызметкерлерге моралдық қолдау көрсету» деп ақталды. Ал Дауниң-стритттегі сауық кеште қызметкерлер арақ ішіп, сайран салған болатын. Содан былтыр сәуірде Лондон полициясы Джонсонға ковид шектеулерін бұзды деген желеумен айыппұл салған еді.